Halyq Uni логотип
×

Бизнестің жұмысына бөгет жасамай, проблемаларды шешуіміз керек – Смайылов

Ол эпидемиологиялық жағдайды әрі қарай бақылауда ұстау қажет дейді 

 Халық үні 25.01.2022 | 09:30
Бизнестің жұмысына бөгет жасамай, проблемаларды шешуіміз керек – Смайылов
коллаж: Halyq Uni

Әлихан Смайылов cанитариялық-эпидемиологиялық жағдай туралы айтты. Оның мәліметінше, өңірлерде коронавирус әлі де өршіп тұр. Түркістан облысынан басқа өңірлердің бәрі «қызыл аймақта». Вирустың ең көп таралуы Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарында және елордада тіркеліп отыр.

Премьер-министр эпидемиологиялық жағдайды әрі қарай бақылауда ұстау қажет деді. Сонымен қатар, Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия «Атамекен» палатасымен бірге Мемлекет басшысының бизнеске арналған карантиндік шектеулерді қайта қарау жөніндегі тапсырмасын ескеріп, тиісті шараларды әзірлеуі қажет деп мәлімдеді.

Бизнестің жұмысына бөгет жасамай, туындаған проблемаларды бірлесіп шешуіміз керек. Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктер вакциналау және ревакциналау жұмыстарын күшейтуі тиіс», - деді үкімет басшысы бүгінгі отырыста.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама