Елорда мен Алматыда оқушылар және студенттер қайтадан онлайн оқиды
Астана мен Алматыда «омикрон» штамының таралуына байланысты мектеп оқушылары, колледждер және жоғары оқу орындарының студенттері қайта қашықтан оқиды
Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері Сархат Бейсенованың айтуынша, өзі қол қойған қаулыға сәйкес, бүгіннен бастап бас қалада келесілер онлайн жұмыс пен оқуға көшеді:
- қызметкерлер, COVID-19-ға қарсы вакцина алғанына қарамастан мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, кәсіпорындардың, әкімшілік персоналдың кемінде 80 пайызы;
- оқушылар, 2022 жылғы 31 қаңтарға дейін;
- колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері, 2022 жылғы 6 ақпанға дейін.
Дәрігер жаңа «омикрон» штамы бүкіл әлемде тез тарап жатқанын және әлемнің 126 елінде анықталғанын айтты.
Алматы қаласының оқушылары мен студенттері де қашықтан оқуға көшеді.
Бүгін премьер-министр үкіметтің жаңа құрамының алғашқы отырысында санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды қозғаған болатын. Қазақстанда 60-тан асқан азаматтарға Pfizer салынатыны да белгілі болған еді. Отандастарымыз Pfizer вакцинасын Өзбекстан және Қырғызстанда салдырып жатқанын да хабарладық. Омикрон штамы балаларға оңай тиіп жатқан жоқ, деді инфекционист. Ал депутаттар «елімізде 60-қа жуық мектепте мүлде интернет жоқ» деп дабыл қақты.