×

Өзбекстан Үкіметі Ташкенттің жаңа орталығына көшіреледі

Министрліктерді «Янги Тошкент» қаласына көшіру туралы ұсыныс 3 айда әзірленеді

 Дастан Жұмабекұлы 29.04.2024 | 13:53
Фото: e-cis.info

Өзбекстанда министрліктер Ташкент қаласының жаңа орталығына көшіреледі.

Жаңа орталық «Жаңа Ташкент» немесе өзбек тілінде «Янги Тошкент» деп аталады.

Өзбекстан президентінің қаулысына сәйкес, республикалық деңгейдегі атқарушы органдар жаңа ауданға көшіріліп, олардың қазіргі ғимараттары сатылады.

Ал ескі ғимараттарды сатудан түскен қаражат Жаңа Ташкентте әкімшілік ғимараттарын салуға жұмсалады. 

«Жаңа Ташкент» қаласын салу жөніндегі үйлестіру кеңесіне (төрағасы – премьер-министр Абдулла Арипов) республиканың атқарушы билік органдарын «Жаңа Ташкент» қаласының аумағына көшіру, олардың әкімшілік ғимараттарын тиімді пайдалану және оларды сатудан түскен қаражатты осы аумақта әкімшілік ғимараттар салуға бағыттау туралы ұсыныс енгізу бойынша 3 ай мерзім белгіленген, – деп хабарлады gazeta.uz.

Министрліктерді жаңа ғимаратқа көшіру туралы ұсыныс 3 айда әзірленуі керек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама