×

Маңғыстаулық жігіт әйелін аяусыз тепкілеп тастады (ВИДЕО)

Шешім қабылдау үшін материал сотқа жіберілді

 Еркеғали Болатұлы 28.04.2024 | 16:16
фото: Halyq Uni

Маңғыстау облысының полиция департаменті лифтте әйелді ұрған күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді.

Оқиға 27 сәуірде болған. Видеодан ер адамның лифттен шығып бара жатқанда әйелді жұдырықтап, аяусыз тепкінің астына алғанын көруге болады.

Ер адам отбасындағы жанжал үшін жауапқа тартылды. Шешім қабылдау үшін материал сотқа жіберілді, - деп хабарлады полиция өкілі.

Жалпы, мұндай құқықбұзушылықтар үшін 5 тәулікке дейін қамауға алу шарасы қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама