×

Су тасқыны: салғырттыққа жол бергендер жауапкершілікке тартылады (ВИДЕО)

Қаржылық мониторинг агенттігі тергеу амалдарын бастады

 Халық үні 25.04.2024 | 16:24

Қазақстанның бірнеше өңірін қарғын су, одан кейін өзен тасқыны басты. Ақмола облыстық судьясы Қасым Қалмағамбетовтің айтуынша, өзен арналары, су бұратын каналдар дер кезінде тазартылып, кеңейтілгенде, бөгеттер нығайтылғанда, шығын әлдеқайда аз болатын еді.

Бүгінде Қаржылық мониторинг агенттігі жауапты органдардың салғырттығына байланысты тергеу амалдарын бастаған.

Басқару барысында жемқорлыққа немесе салғырттыққа жол берілген жағдайда, мемлекеттік мекемелерде басшылық қызметте не жай қызметте жұмыс істеуіне тыйым немесе еселенген айыппұл салынады, не болмаса, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады, - деді судья Қасым Қалмағамбетов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама