×

Бишімбаев сотта кінәсін мойындамады

Қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы басталды

 Айгерім Таубай 27.03.2024 | 17:10
Фото: Астана сотының баспасөз қызметі

Қуандық Бишімбаев сот процесінде өзіне тағылған айыпты мойындамады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Осы уақытқа дейін өз нұсқамды айтатын мүмкіндігім болмады. Прокурор айтқанның көбі ойдан шығарылған, ешқандай дәлел жоқ. Қылмыстық кодекстің 110-бабы бойынша – менің тарапымнан мұндай қылмыстық әрекет ешқашан жасалған емес, айыпты толық мойындамаймын, - деді Бишімбаев сот отырысында.

Судья Айжан Құлбаева қылмыстық кодекстің 99-бабы (аса қатыгездікпен адам өлтіру) бойынша сотталушының ұстанымын сұрады.

Бұл бап бойынша да дәл сондай пікірдемін. Адамды аса қатыгездікпен әдейі өлтірген жоқпын, – деді сотталушы Бишімбаев.

Қылмыстық іс бойынша сотталушы Бақытжан Байжанов қылмыс жасаған-жасамағанын білмейтінін жеткізді.

Құрметті сот, видеоны өшіруді сұрағанын мойындаймын. Сондай-ақ Салтанаттың (Нүкенова – ред.) телефонын үйіне апаруды сұрады. Қылмыс жасадым ба, білмеймін. Сол сәтте Салтанаттың өлім аузында жатқанын немесе қайтыс болғанын білген жоқпын, – деді сотталушы Байжанов.

Айта кетейік, Астанада Бишімбаев ісі бойынша басты сот талқылауы басталды. 

Келесі сот отырысы 2024 жылдың 29 наурызы сағат 10:00-де өтеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама